МӘМС-ке жарналарды өздігінен төлеушілер келесілер болып табылады:
- тіркелмеген жұмыссыз тұлғалар;
- ҚР шегінен тыс жерлерге кеткен адамдар (ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кеткендерден басқа));
- ЖК;
- салық есептілігін ұсынуды тоқтатқан немесе әрекетсіз деп танылған жеке практикамен айналысатын тұлғалар.
Өздігінен төлеушілер өз пайдасына ай сайын МӘМС-ке аударады және жарналарды 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап есептеу объектісінен (ең төменгі жалақы мөлшерінен) 5% мөлшерінде төлейді.
Осылайша, МӘМС-ке жарналарды өздігінен төлеушілер болып табылады және МӘМС-ке 1 ЕТЖ-дан 5% мөлшерінде өз бетінше төлеуге міндетті.
Бұл ретте, егер, мысалы, үй шаруасындағы әйел декреттік демалыста болса, онда оған МӘМС-ке өзі үшін жарна төлеу қажет емес, өйткені декреттік демалыс кезеңінде МӘМС-ке жарнаны ол үшін мемлекет төлейді.