Маңғыстау облыстық онкологиялық диспасері Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің 1981 жылғы 15 тамыздағы №7 Рұқсаттамасы мен Маңғышлақ облыстық денсаулық сақтау бөлімінің 1980 жылғы 90 маусымындағы №587а бұйрығының негізінде 1980 жылы ашылған болатын. Өзінің жұмысын бастаған уақытта диспансер қызметкерлері үш адамнан тұратын, олар: алғашқы онколог дәрігер Мұратов Құмаржан Қапизоллаұлы, медбикелер - Өмірзақова Тыныштық пен Өтепбаева Ағлен. Онкологиялық диспансер Облыстық аурухананың (3 ықшам аудан) құрамына енетін кабинеттен және іріңді хирургия бөлімінің құрамында орналасқан 10 стационарлық керуеттен тұратын. Диспансер 1982 жылдың қазан айында 26 ықшам ауданға - қазіргі орналасқан жаңа нысанға орналастырылды. Диспансер 4 кабинетте жұмыс істеді. Онда онколог-дәрігерлер Мұратов К., Аязбаев Ш.У., Қабышева С.З., Құрманов Түсіпқали, 1986 жылдан бастап - Раманқұлов Б.Ж., медбикелер - Шәрішева Б., Ережепова Айшагүл жұмыс істеді.
1985 жылы цитологиялық зертхана ұйымдастырылып, оның алғашқы дәрігері Озғанбаева Марфуға Ғаббасқызы болды, кейін бұл қызметті Қалтаева Күләш Серікқалиқызы жалғастырды.
1993 жылы диспансер Ақтау қ. 3 ықшам ауданына, ал 1997 жылы диспасердің станционарлық бөлімшесі 20 керует ота жасау арқылы емделетін, 20 керует химия терапия жолымен ем қабылдайтын науқастарға арналған 40 керуеттік орны бар әйелдер консультациясының бұрынғы ғимаратына көшірілді. 1999 жылға дейін диспасерлік бөлімше №2 аурухана қалашығы жұқпалы аурулар корпусына жапсарлай салынған бір қабатты ғимаратта, кейін 1999 жылы диспасерлік бөлімше облыстық консультативтік-диагностикалық бөлімше босатқан соң қазірде орналасқан ғимаратқа ауыстырылды.
1991 жылы диспансерлік және стационарлық бөлімшелер кеңейтілді: диспансерлік бөлімшесі №2 аурухана қалашығы жұқпалы аурулар корпусының ғимаратына ауыстырылып, ал стационарлық бөлімшесі 25-ке дейін кеңейтілді. Биылғы жылы онколог-дәрігер Шантеміров С.Б. қызметіне кірісті.