Ақтаудағы онкологиялық диспансерде енді белгілі профессорлар жұмыс істейді. 1 жарым жылға созылған келіссөздер нәтижесінде қыркүйек айында медицина ғылымының докторы, онкология және хирургия саласының жоғары санатты 2 дәрігері келді. Айта кетейік, бұған дейін арнайы шақыртумен халықаралық деңгейдегі патоморфолог дәрігер Ғабит Алипов орталыққа шақырылған еді.