Қазіргі уақытта «Саламатты Қазақстан» 2011-2015 жылдарға арналған денсаулық сақтауды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы негізгі басымдықтарының бірі республика тұрғындары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулықтарын нығайту және сақтау, аурулардың алдын алу болып табылады.
СКРИНИНГ – бұл ауруларды және қауіп факторларын ерте сатысында анықтау үшін дер кезінде емдеу, асқынулардың алдын алу мақсатында белгілі бір жастағы дені сау адамдарды профилақтикалық дәрігерлік қараудан.
Скрининг көлеміне енетіндер:
Антропометриялық өлшеулер (бойы, денесінің салмағы, мықынының көлемі);
Артериальды қан қысымын өлшеу;
Мақсатты тобына байланысты зертханалық және аспаптық зерттеулер жүргізу
СКРИНИНГТЕН ӨТУГЕ ТӨМЕНДЕГІДЕЙ ЖАСТАҒЫ ТОПТАР ЖАТАДЫ:
• 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жаста көзіші қысымын өлшеу;
• 18, 25, 30, 35, 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64 жаста қандағы холестерин мен глюкоза деңгейін анықтау;
• электрокардиография – көрсеткіштері бойынша;
• кардиологтың, эндокринологтың, офтальмологтың тексеруінен өту – көрсеткіштері бойынша.
• балаларда В және С созылмалы гепатит маркерінің болуына қанның талдамасын жасау – қауіпті тобынан.
Бұл зерттеулер жүрек-қан тамырлары ауруларын, қант диабетін, глаукоманы және олардың қауіпті факторларының деңгейін ерте сатысында анықтауға, сонымен қатар гепатиттерді емдеу және олардың инсульт, инфаркт, зағиптық, цирроз және бауыр обыры тәрізді қауіпті қабынуларынан сақтандыруға және олардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Обырдың туындауына мүмкіндік беретін потологиялық өзгерістерді болдырмау, сонымен қатар қатерлі ісіктерді дамуының ерте сатысында анықтау үшін төмендегідей тексерістерден өту қажет:
әйелдерге:
ЖАТЫР МОЙЫНШЫҒЫ ОБЫРЫ:
• 30, 35, 40, 45, 50, 55, 60 жаста потологиялық өзгерістерді болдырмау үшін жатыр мойыншығы жағындысына цитологиялық зерттеу;
• акушер-гинекологтың тексеруі, кольпоскопия – көрсеткіштері бойынша;
СҮТ БЕЗДЕРІ ОБЫРЫ:
• 50, 52, 54, 56, 58 және 60 жаста сүт бездеріне рентгенологиялық зерттеу (маммография);
• маммологтың тексеруі, онколог – көрсеткіштері бойынша;
КОЛОРЕКТАЛДЫ ОБЫР
50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68 және 70 жастағы ерлер мен әйелдерге
• тоқ және тік ішектің ауруға шалдығуын ерте анықтау үшін үлкен дәретте қанның жасырын болуына тестілеу;
• хирургтің, проктологтың, гастроэнтерологтың тексеруі, тоқ және тік ішектің ауруға шалдығуын эндоскопиялық зерттеу – көрсеткіштері бойынша.
Бұл тексерістер жаппай өткізілетін елдерде жатыр моыншығы, сүт бездері мен тоқ және тік ішектің обырынан болатын өлім-жітім күрт төмендеген.
«Пилоттық өңірлерде өңеш, асқазан, бауыр және қуықасты безі обырын ерте анықтау скринингін енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 8 бұйрығына сәйкес 2015 жылдан бастап Маңғыстау облысында келесі шаралар енгізіледі:
Өңеш, асқазан обырын ерте анықтау скринингі
Бауыр обырын ерте анықтау скринингі
Қуықалды безі обырын ерте анықтау скринингі
Өңеш және асқазан обырын ерте анықтау скринингі
Мақсатты топ: дипансерлік есепте тұрмайтын 50, 52, 54, 56, 58, 60 жастағы ерлер мен әйелдер.
Скринингтен өткізу сатысы екі кезеңнен тұрады:
өңеш пен асқазанға мақсатты топтың барлығы үшін міндетті болып табылатын эндоскопиялық зерттеу жүргізу.
өңеш пен асқазан шырышты қабығында патологиялық өзгерістер анықталған жағдайда көрсеткіштер бойынша жүргізілетін өңеш пен асқазан шырышты қабығының потологиялық аймақтары биопсиясы.
Бауыр обырын ерте анықтау скринингі
Мақсатты топ: вирусқа қарсы терапияда жатқан және вирусқа қарсы терапияның тиімділігіне баға алынбаған тұлғалардан басқа вирусты және вирусты емес этиологиясының бауыр циррозы бойынша диспансерлік есепте тұрған ерлер мен әйелдер.
Скринингтен өткізу сатысы төмендегідей кезеңдерден тұрады:
вирусты этиологияның бауыр циррозы бар науқастар арасында 3 айда 1 рет мерзімімен жылына 4 мәрте және вирусты емес этиологияның бауыр циррозы бар науқастар арасында 6 айда 1 рет мерзімімен жылына 2 мәрте альфа-фетопротеин (АФП) деңгейін анықтау үшін қанның иммунды химиялық немесе иммунды ферменттік талдамасын жасау;
вирусты этиологияның бауыр циррозы бар науқастар арасында 3 айда 1 рет мерзімімен жылына 4 мәрте және вирусты емес этиологияның бауыр циррозы бар науқастар арасында 6 айда 1 рет мерзімімен жылына 2 мәрте бауырдың ультрадыбыстық зерттеуін жүргізу;
Қуықалды безі обырын ерте анықтау скринингі
Мақсатты топ:
50, 54, 58, 62 және 66 жастағы ерлер;
Скринингтен өткізу кезеңдері:
жалпы простатқа қанның иммунды химиялық талдамасы (ИХТ) – ерекше антиген (ПСА);
нақтылаушы диагностика (урологтың тексеруі, саусақпен тік ішекті тексеру, көп нүктелі пункциялы биопсия)
Скринингтік тексерілу кезеңдері
А) Дайындық кезеңі.
Мақсатты топтарды қалыптастыру, ақпараттық қолдау, мекен-жайы бойынша шақыртуды, электронды және баспа бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып скринингке шақыру
Б) Скринингтің жүргізілуі.
Бұған амбулаторлық пациенттің профилактикалық медициналық тексерісінің (скринингінің) статистикалық картасының толтырылуы (бұдан әрі –025-08Доп/у формасы) және бауыр обырына скринингтік тексерістен өткен науқастың 30-1/ формасын толтыруы; скрининг-тестің жүргізілуі; зертханалық және аспаптық зерттеулердің жүргізілуі енгізілген.
В) Қорытынды сатысы.
Патологиясы анықталған науқастарды толық тексеру, есепке алу-есептік статистикалық құжаттамаларды ресімдеуді аяқтау:
Мақсатты топтардың скринингтік тексеріс нәтижелері амбулаторлық пациенттің профилактикалық медициналық тексерісінің (скринингінің) статистикалық картасына, сонымен қатар бауыр обырына скринингтік тексерістен өткен науқастың 30-1/ формасына енгізіледі де келесі есептік айдың 1-не дейінгі мерзімге дейін ай сайын денсаулық сақтауды дамытудың республикалық орталығына (ДДРО) тапсырылады;
Қуықалды безі, өңеш және асқазан обырына анықтаушы диагностика белгіленген жағдайда скринингтік тексерістен өткен науқасқа 025-08Доп/у формасы және бауыр обырына скринингтік тексерістен өткен науқастың 30-1/ формасы толтырылған болып есептеледі және электронды базаға енгізілу үшін КДО, ОД-де өткен барлық белгіленген зерттеулердің нәтижелері алынған соң ғана тапсырылуы қажет.
Назар аударатын жәйт, мақсатты топтағы тұрғындардың барлығын скринигке барынша тарту мақсатында халықты ақпараттандыру деңгейін арттыруға бағытталған дайындық кезеңі барлық кезеңдердің ішіндегі маңыздысы болып табылады.
Облыс тұрғындарының арасында ерлер мен әйелдердің қуықалды безі, өңеш және асқазан обырын ерте кезеңінде анықтау мақсатында жастарына қарай скринигтен өту қажеттілігі туралы халықты ақпараттандыруды арттыру бойынша белгіленген жұмыстар жүргізілді.
Қазақстан Республикасының әр азаматы жыл сайынғы профилактикалық медициналық тексерістен өтуі қажет – балалар: педиатрдың, нақты мамандардың тексеруі, қан мен несеп талдамасы, аспаптар арқылы тексеріс, ересектер: терапевтің тексеруі, әйелдер – гинекологиялық тексерілу, көкірек қуысының флюорографиялық зерттеуі, қан мен несеп талдамасын тапсыру, нақты мамандардың тексеруі – көресткіштер бойынша.
Егер Сіз диспансерлік есепте тұрсаңыз, Сіздің бойыңызда созылмалы аурулар болса – жақын арада өзіңіздің емделетін дәрігеріңізге қаралуыңыз және оның ұсынымдарын орындауыңыз қажет!
Скрининг Сіздің тіркелген медициналық ұйымда жүргізіледі.
Егер Сізді скринингке шақырса – одан өтіңіз!
№ |
Тарификатор бойынша қызмет коды |
Қызмет түрі |
Бағасы |
Өлшем бірлігі |
1 |
В08.749.002 |
Сұйықтық цитологиясы құралынды ПАП-тестілеу жатыр мойнынан жағындыны цитологиялық зерттеу |
3699,66 |
зерттеу |
2 |
С03.084.005 |
Нысаналы маммография (2 кескінде) |
3919,08 |
зерттеу (1 ауруға 2 кескінде) |
3 |
D99.294.006 D41.312.427 C03.018.004 |
Ультра дыбыстык зерттеу бакылауымен препанобиопсия |
10561,95 |
зерттеу |
4 |
В08.737.001 |
Гистологиялык зерттеу |
2348,67 |
зерттеу |
5 |
C01.037.001 |
Скринигтік тотальді видеоколоноскопия |
7323,41 |
зерттеу |