Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Ресми интернет-ресурсы

Облыстық онкологиялық диспансері ШЖҚ МКК

130000, Маңғыстау обл. Ақтау қ., 1 А шағын ауданы, аурухана қалашығы, 5/5 ғимарат
Тіркеу телефоны: +7 (708) 6042491

Ситуациялық орталық телефоны: +7 (708) 6042492
Директордың қабылдау телефоны: +7 (7292) 301763

E-mail: aktauo@list.ru 

Health City қосымшасы:
Android
Iphone

"Облыстық онкологиялық диспансері" ШЖҚ МКК жетістіктері
07.06.2016

Маңғыстау облысының окологиялық қызметі 85 керует орындық облыстық онкологиялық диспансермен ұсынылады: оның 25-күндізгі, 25-химиятерапияға, 18-онкохирургияға арналған, 4-жан сақтау бөлімі, 3- радиологиялық, 10- паллиативтік.

Құрылымдық өзгерістер

Онкологиялық диспансердің қуаттылығы 2016 жылы 70 орыннан 85 орынға ұлғайтылды. Соның барысында күндізгі стационардағы керует орындары 25-ке көбейіп, кәсіпорындағы керует орындары жалпы санынның  30%-н құрап отыр.

Кәсіпорын құрылымында да өзгерістер жүргізілді, клиника-диагностикалық бөлімше, ренгтген-сәулелік диагностика және радиология бөлімшесі, паллиативтік көмек және науқастарды оңалту бөлімшесі, күндізгі стационар бөлімшесі тәрізді жаңа құрылымдық бөлімшелер енгізілді. Диспансердегі лауазымдар саны 124-тен 135,75-ке көбейді.

2016 жылдың қаңтарынан бастап қаржылық-шаруашылық әрекеттің көрсеткіштерін жақсарту мақсатында штаттық кестеге қаржылық-экономикалық мәселелер бойынша директордың орынбасары лауазымы енгізілді.

Ауруды ерте кезеңінде анықталуы

2016 жылдың 5 айында 344 онкологиялық науқас есепке алынды, аурушаңдық 100 мың адамға шаққанда 54,9% құрады, 2015 жылдың дәл осы мерзімінде 255 науқас есепке алынып, сәйкесінше 54,8% құраған болатын. Ауруды ерте кезеңінде, яғни І-ІІ сатысында анықталуы 2016 жылдың 5 айында 186 адамды (55,2%) құрады, 2015 жылдың дәл осы мерзімінде аурудың анықталуы 139 науқасты (54,5%) құраған болатын. Ауруының ерте кезеңінде анықталған науқастар санының өсу үрдісі бар. Бұған кәсіпорын тарапынан ұйымдастырылған онкодиспансер мамандарының аудандық ұйымдарға ай сайынғы сапарлары, сонымен қатар ай сайынғы «Ашық есік күндері» септігін тигізіп отыр.

Оқыту

Ағымдағы жылдың қаңтар айында диспансер дәрігерлерінің ұйымдастыруымен медицина ғылымдарының докторы, химиятерапевт дәрігер С.Е.Есентаеваның қатысуымен калоректальдік (үлкен дәрет-тік ішектік) обыр бойынша бейнеконференция жүргізілді.

Онкологиялық ауруларды басқарудың біріктірілген үлгісін енгізу Жол картасына сәйкес, онкологиялық қызметтің статистикалық есептілігін жақсарту мақсатында а.ж. мамыр айынан бастап кестеге сәйкес күн сайын ұйым қызметкерлерімен АМСК сабақтары жүргізіледі.

Онкология саласындағы шақырылған білікті мамандардың қатысуымен емдеудің жаңа әдістерін қолдану бойынша екі шеберлік сағаты ұйымдастырылды: бірінші шеберлік сағаты өңешті стентирлеу бойынша, екіншісі – тізе буындарын эндопротездеуге арналды.

1. 2016 жылдың ақпанында Астана қ. онкологиялық орталығынан шақыртылған маман А.Г.Зеленыймен бірлесе отырып, өңеш С-r StIVT4N1M1, бауырға Mts диагнозымен онкологиялық диспансерде «Д» есебінде тұрған  1945 жылы туылған науқастың өңешіне стентирлеу отасы жасалды. Неадъювантты режимде төмендегідей сызба бойынша химиятерапияның 4 курсы жүргізілді: цисплатин, паклитаксел. Үдерістің тұрақтандырылуына қол жеткізілді. Дисфагияны ескере отырып, науқастың өңешіне стентирлеу отасын жасау туралы шешім қабылданған болатын. Отадан кейінгі кезең ауруының асқынуынсыз өтті.

2. 2016 жылдың мамыр айында шақыртылған маман сүйек, жұмсақ тіндер және мелан орталығының жетекшісі, медицина ғылымдарының кандидаты Г.А.Серікбаевтың қатысуымен 1956 жылы туылған науқас А-ның тізе буындарына эндопротездеу отасы жасалды. Аурудың анамнезінен: науқас бір жарым ай уақыт төсекте жатып ем қабылдады, тексеру барысында ортан жіліктің оң жағында фибросаркома, патологиялық сыныққа күдік туындады. Науқас диспансердің онкохирургиялық бөлімшесіне жатқызылып, емдеу жоспары Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтымен келісілді. Отадан кейінгі кезең ауруының асқынуынсыз өтті. Науқас отадан кейінгі 15 тәулікте ауруханадан шығарылды.

Тізе буындарына эндопротездеу отасы






Чтобы добавить вопрос, вам необходимо


немесе


Пайдалы ақпарат
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі mzsr.gov.kz
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы dsb.mangystau.gov.kz
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы heartcenter.kz
Ұлттық медициналық холдинг nmh.kz
Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы emergency.kz
Ұлттық нейрохирургия орталығы neuroclinic.kz
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы nrcmc.kz
ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығы mcudprk.kz
Республикалық балаларды оңалту орталығы rdrc.kz
Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансері onko.mangystau.kz
Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығы mopc.kz
Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Маңғыстау облыстық департаменті medfarm-aktau.kz
МКК «Маңғыстау облысының СПИДпен күресу және алдын алу орталығы» antispid.kz
Маңғыстау облысының "ҚАННЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ" mangystau-ock.kz
Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының облыстық орталығы zozh.mangystau.kz
Сіздің сайт бойынша пікіріңіз
   Ваш отзыв о сайте