Health City – аймақтағы денсаулық сақтау бағдарламаларын жүзеге асыру үшін, азаматтардан кері байланыс алу және Маңғыстау облысы тұрғындарының өмір сүру мен әл-ауқатының сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік органдар мен тұрғындардың интерактивті өзара байланысуына негізделген мобильді қосымша.
Қала тұрғындары мен қонақтарына онлайн-сервистерді тегін пайдалану және маңызды ақпаратты жедел алу мүмкіндігі ұсынылады.
Health City – денсаулық сақтау саласындағы жаңалықтар мен оқиғалар жайлы лезде құлақтандыру: жүргізіліп жатқан тегін қабылдаулар, диагностикалау және тұрғындардың салауатты өмір салтын қолдауға арналған қызметтер туралы;
Health City – әлеуметтік сауалнамалар жүргізу және аймақта әзірленіп жатқан жобалар мен жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар туралы тұрғындардан кері байланыс алу;
Health City – мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыстағы әлеуметтік маңызды ұйым жетекшілеріне сұрақ қою мүмкіндігі.