Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Ресми интернет-ресурсы

Облыстық онкологиялық диспансері ШЖҚ МКК

130000, Маңғыстау обл. Ақтау қ., 1 А шағын ауданы, аурухана қалашығы, 5/5 ғимарат
Тіркеу телефоны: +7 (708) 6042491

Ситуациялық орталық телефоны: +7 (708) 6042492
Директордың қабылдау телефоны: +7 (7292) 301763

E-mail: aktauo@list.ru 

Health City қосымшасы:
Android
Iphone

ӨЗІҢДІ СҮТ БЕЗІ ҚАТЕРЛІ ІСІК АУРУЫНАН САҚТА !
12.07.2016

Статистика бойынша сүт безі қатерлі ісік ауру әйелдерде кездесетін қатерлі ісіктерінің арасында алғашқы орындардың бірін алады. Сөйте тұра, егер ауру ертеректе негізінен 50 жастан асқан әйелдерде кездескен болса, қазірде ол едәуір «жасарып» кетті – 40, 30, тіпті 20 жастағыларда ауру кездесуі сирек емес, сондай-ақ бұл аурумен дүниеде әйелдердің онның бірі ауырады.

Сүт безі әйелдің репродуктивтң мүшесі болып табылады. Бұл мүше безді тіннен тұрады. Функциональды бірлігі альвеола болып табылады. Жүктілік кезінде сүт безінің альвеолалары өсе бастап, сүт түзілуіне дайындалады. Баланы босанғаннан кейін анасының емшегіне әкеліп, алғашқы емуі сүт өндіру жүйесін қоздыруға өте күшті ықпалын тигізеді. Бірақ ондай механизмдер әйел өмірінде бір-екі рет болады. Барлық қалған уақытта сүт безі «белсенді» болмайды және ол әйел сұлулығының және көріктілігінің көрінісі болады. Бірақ, оған әсер ететін әр түрлі патологиялық факторлардың ықпалы жоғары болып, онда түзілістер дамуына бейім болады.

Өкінішке орай, сүт безі рагі жиі кеш сатыларында анықталады. Ол кезде организмде көптеген метастаздар болады.

 Сүт безі рагінің пайда болуының дәл себебі әлі күнге дейін анық емес. Бірақ, ғалымдар ауруды тудыратын бірқатар қауіпті факторлар тобын анықтады. Сүт безі рагінің қауіпті факторлары ішінен негізігілерін көрсетуге болады: менструальды, жыныстық, бала туу функциялары, белгілі-бір географиялық аймақта тұру, тамақтану режимі, осының алдында болған сүт бездерінің қатерсіз ісіктері, жыныс жүйесінің созылмалы қабыну аурулары, отбасылық бейімділік,  қалқанша безі, бүйрек үсті безі жұмысының бұзылысы және т.б.

 Сүт безі рагін басқа да онкологиялық аурулар секілді толық сауығуға әлі мүмкіндік бар кезде ерте анықтаған жөн. Сүт безі рагі сыртта орналасқан ісіктерге жататын болса да, және дәрігер қолында ракті ерте анықтауға барлық мүмкіндік болған жағдайда да әйелдердің көп бөлігі онкологиялық диспансерге ем алуға сүт безі рагінің III – IV сатысымен, басқаша айтқанда рактің асқынған түрлерімен келіп түседі, өйткені түйіндер мен тығыздалулардың көбісі профилактикалық қарауда анықталады. Және бұл патологиялық процесті тоқтату қиынға түскенде жиі болады. Сондықтан да, әйел өз сүт безінің саулығын бақылап, ай сайын оны қарап тұрғаны өте маңызды.

Өзін-өзі тексеру әдісі сүт бездерін етеккір аяқталғаннан кейін етеккір циклының 7-12 күндері ай сайын қарауы мен сипап қарауына негізделеді, постменопауза кезеңіндегі әйелдерге әр айдың 1-күнін ұсынуға болады. Сүт бездерін қарауды қолдарын басының артына көтере апарып,  айна көмегімен жүргізеді, сүт бездерінің симметриялығына, емізікшелер күйіне, тері өзгерістеріне көңіл аудару қажет. Сүт бездерін сипап қарауды вертикальды және горизонтальды күйлерде қолдың алақан бетімен, бірінен соң бірін сүт безінің барлық квадранттарын ортасынан шетке қарай, ареола мен емізікшені бірге алып жүргізеді. Тек осы жағдайда ол сүт безінде пайда болған тығыздалуды уақытында анықтай алады.

Маммологқа қаралуына келесі белгілер себеп бола алады:

-  сүт безінде тұрақты немесе етеккір алдында ауырсынудың пайда болуы;

-  сүт безінде алдында байқалмаған тығыз түзілістердің болуы;

-  емізікшеден аз көлемде болса да бөлініс шығуы;

-  сүт безі терісінің тұтас немесе ошақты қызаруы;

-  сүт безі формасының өзгеруі, оның бүрісуі, емізікшенің ішке қарай тартылуы;

-  қолын жоғары көтергенде теріде  «ойыстың» пайда болуы;

-  бір жақ сүт безінде тұрақты жағымсыз сезімнің болуы.

Сүт безі рагінің осы белгілері пайда болғанда міндетті түрде маммолог кеңесі қажет. Дәрігер түзілістің қатерлі-қатерсіз екендігін анықтай алып, уақытында ем курсын жүргізе алады.

Әйелдерге өзінің сүт безінде тығыздалуды анықтаған кезде уақытынан бұрын үрейленіп қорқуының қажеті жоқ. Бұл қатерсіз мастопатия немесе фиброзды түйін болуы мүмкін және дұрыс әрі уақытында тағайындалған дәрілік заттарды қолданғанда өздігінен кетуі мүмкін. Бұндай тығыздалулардың көбі рак болып табылмайды.

Сүт бездерінің онкологиялық ауруларын алдын-алуы үшін 40 жастан кеткен әйелдер ең болмағанда жылына бір рет маммолог қарауында болып, маммография жүргізулері қажет!

Сүт бездері жағынан қандай да болмасын патология анықталған жағдайда дәрігер-маммолог әр науқасқа ісіктің сипатына, оның жасына, аналық без қызметіне қарай жеке-дара ем таңдап береді. Қажет болған жағдайда қосымша тексерулер тағайындайды.

Емнің нәтижелі болуы науқастың жасына, таңдалған емнің дұрыстығына, ең бастысы – дәрігерге уақытында қаралуына байланысты!

СҮТ БЕЗІНІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІК АУРУЫН ӨЗІҢНЕН ЖОҚҚА ШЫҒАРДА, ЖАЙЛЫ ӨМІР СҮР!

ӨЗ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗ – ӨЗ ҚОЛЫҢЫЗДА !!!

ООД директорының әдістемелік-ұйымдастыру ісінің орынбасары

Ж.Джарылкасинова


Чтобы добавить вопрос, вам необходимо


немесе


Пайдалы ақпарат
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі mzsr.gov.kz
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы dsb.mangystau.gov.kz
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы heartcenter.kz
Ұлттық медициналық холдинг nmh.kz
Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы emergency.kz
Ұлттық нейрохирургия орталығы neuroclinic.kz
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы nrcmc.kz
ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығы mcudprk.kz
Республикалық балаларды оңалту орталығы rdrc.kz
Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансері onko.mangystau.kz
Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығы mopc.kz
Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Маңғыстау облыстық департаменті medfarm-aktau.kz
МКК «Маңғыстау облысының СПИДпен күресу және алдын алу орталығы» antispid.kz
Маңғыстау облысының "ҚАННЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ" mangystau-ock.kz
Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының облыстық орталығы zozh.mangystau.kz
Сіздің сайт бойынша пікіріңіз
   Ваш отзыв о сайте